Белгішесі Жабу
Белгішесі Іздеу

Дастарханға!

Дизайн әлемінде

Соңғы уақытта асхана үстелінің орны ас үйдің ортасында болуы міндетті емес. Жиһаздың бұл элементі тек ас үйдің қабырғаларында қалмай, қонақ бөлмеге, асханаға немесе тіпті жатын бөлмеге «келе» бастады. Мұндай шешімдер дизайн идеяларымен негізделген. Асхана үстелі қай жерде орналасқанына қарамастан, өзінің негізгі функциясын - бүкіл отбасын, достарды немесе әріптестерді айналамызға қуанышпен жинау қызметін сақтап қалғанына келісіңіз.

Асхана үстелдерін жасауға арналған материалдар арасында акрил және кварц тасы ерекше танымал. Бұған көптеген сенімді себептер бар:

  • мінсіз көрініс және декорлардың кең таңдауы: ақтан бастап қараға дейін, дақтары бар немесе монохромды, өрнектері бар, жылтыратылған немесе күңгірт беті бар;
  • бұл материалдардан жасалған үстелшенің бетінде тері тесігі жоқ, сондықтан ол май мен кірді сіңірмейді және оған күтім жасау оңай. Дәл сол себепті акрил және кварц тастарынан жасалған үстелшелер гигиенаға жаап береді: оларда патогендік бактериялар мен көгеру көбеймейді;
  • жасанды тастан жасалған беттер берік болады;
  • акрил тастан жасалған үстелшелерді қалпына келтіруге болады (жөндеу және тегістеу);
  • кварц тасы зақымдануға (соның ішінде сызаттарға) төзімділігімен танымал.


Акрил немесе кварц тасы. Қайсысын таңдау керек?

Акрил тасы - бұл пластикалық материал, жоғары температураның әсерінен ол кез келген пішінге ие бола алады. Сонымен қатар, акрил тасынан жасалған ауқымды құрылымды да монолитті, жіксіз етіп жасауға болады.

Дастарханға! – Пайдалы ақпарат | INTERSTONE фото 1

Кварц тасы – өте сенімді және берік материал. Сондықтан ол ас үй үстелшелері үшін кеңінен қолданылады.

Дастарханға! – Пайдалы ақпарат | INTERSTONE фото 2

Пішіндер бойынша: шеңбер, тіктөртбұрыш немесе жартылай шеңбер?

  • Шаршы немесе тіктөртбұрыш үстел үшін ең қолайлы пішіндер болып саналады. Бұл конфигурациядағы жиһаз әмбебап және бөлменің ортасына да, қабырға астына да оңай орналасады.
  • Дөңгелек және сопақ модельдерді үлкен бөлмелер үшін таңдаған дұрыс. Оларды бөлменің ортасына орналастырған жөн. Мұндай үстелдер үлкен көрінеді, сөйлесуге ыңғайлы, орналастырылған, бірақ кеңістікті визуалды түрде ұрлайды.
  • Жартылай дөңгелек немесе арал форматындағы үстелдер кішкентай асүйлерде қабырға астына жақсы орналасады.

Егер жоспарыңызда үлкен асхана үстелі болса – үстел мен тіреуішті бөлек орындауға тапсырыс берген дұрыс. Бұл оңай тасымалдау үшін қажет. Тағы бір маңызды мәселе: кварц тасынан жасалған үстелдің салмағын көтеру үшін тіреуішті берік материалдардан жасау керек.

Дастарханға! – Пайдалы ақпарат | INTERSTONE фото 3

Белгішесі Жабу

Серіктес болу

Жеке деректеріңізді қалдырыңыз немесе бізге қоңырау шалыңыз:

+7 707 840 10 00

Белгішесі Жабу

Жобаны жіберу

Жобаңыз туралы жазыңыз, және біз сіздің жұмысыңызды сайтқа орналастырамыз

Белгішесі Жабу

Ұсыныс жіберу

Бізге ұсынысыңызды немесе тілегіңізді жазыңыз

Белгішесі Жабу

Рахмет!

Өтінім жіберілді, қосымша талқылау үшін сізге хабарласамыз

Жабу

Белгішесі Жабу

Рахмет!

Жоба жіберілді, жариялау туралы келісу үшін сізге хабарласамыз

Жабу

Белгішесі Жабу

Назар аударыңыз!

Нысан деректері қате!

Жабу