Жуынатын бөлмедегі үстелшелер мен раковиналардың жаңа кезеңі
Дизайн әлемінде
Кәдімгі қарапайым керамикалық тостаған-раковинамен жабдықталған дәл сондай қарапайым жуынатын бөлме өткен шақта қалды. Бүгінгі таңда кеңістіктің бұл бөлігі дизайнерлер мен олардың идеялары үшін жіліктің майлы басы болып табылады. Жуынатын бөлме композициясының орталығы көбінесе раковина болады. Дөңгелек және сопақша, төртбұрышты, тікбұрышты, асимметриялық, қосарланған, кіріктірілген немесе үстеме раковиналар – таңдау өте үлкен.
Монолитті кіріктірілген раковина тартымды және пайдалы нұсқалардың бірі болып саналады. Ол акрил тастан жасалған үстелшесі бар тостағанға ұқсайды. Негізі осы нұсқада раковинаның ұзартылған қанаттары үстелшенің рөлін атқарады.
Мұндай модельдердің бірқатар артықшылықтары бар: ең алдымен, раковинаға күтім жасау оңай, стильді көрінеді және тағы бір маңызды жайт – орнату кезінде сантехниканы қосуда қиындықтар болмайды (үстелшені кесуге тура келмейді). Үстелше сізге кіріктірілген раковинамен келеді.
Тағы бір жағымды жайт: шағын монолитті ванна бөлмесінің астында кір жуғыш машина немесе кептіргіш өте жақсы орналаса алады. Сертификатталған шеберлерге хабарласыңыз, олар кез келген тұрмыстық техниканың параметрлерімен және стандартты емес сантехника үшін акрил бетін еш қиындықсыз жасай алады.
Үстелшеге салынған көлбеу жазықтықтағы раковиналар – адамдардың назары мен жүректерін жаулап алатын тағы бір тренд. Бұл кварц тасынан жасалған «инновациялық гибрид» эстетика мен функционалдылықпен таң қалдыратын басқа өнімдер арасында көшбасшы болып табылады.